Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 30 Қазан, 2020

Қостанайлықтар экологиялық апат туралы дабыл қағуда

Қостанай облысының тұрғындары экологиялық апат туралы айтып, дабыл қақты. Жітіқара халқы ұзақ жылдар бойы адам денсаулығына қауіпті техногендік шоғырмен көршілес болып келді. Енді зиянды ауыр металдар көмілген оның қорғанысы әбден тозып, бұзыла бастапты. Алпыс жыл бұрын осында орналасқан кәсіпорын алтын игеруде сынап, аммиак секілді химиялық элементтерді пайдаланған. Ал шахталар жабылғасын қауіпті қалдықтар саз және құммен көмілген. Бірақ су мен желдің әсерінен қорғаныс қабаты қирай бастаған. Бұл құбылыс тұрғындарға айтарлықтай зардабын тигізіп келеді. 

Маусымжан Мыңжасарова, Жітіқара қаласының тұрғыны: 

- Қар ерігенде бәрі де ағады. Мына үйлердің артында өзен бар. Зиянды заттардың бәрі сонда ағады. Сол өзеннен су алып кір жуамын, бақша суарамын, үйде жуынамыз. Абай Ыбыраев, Жітіқара ауданының әкімі:

 - Біріншіден, неден бастайтынымызды анықтап алуымыз қажет. Экологиялық сараптама тағайындалуы маңызды. Министрлікке хат та жолдадық. Сараптама жүзеге асырылса, балшықты құмды түбегейлі жойып, бір жерге көшіру керек шығар. Немесе үстінен тағы топырақ, саз құйып, қорғанысты бекітеміз бе деген жоспар бар.

                                                24.kz

925 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз