Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Мотивация
  • 30 Қазан, 2020

Джузеппе Патерно: Тап қазір, болмаса ешқашан!

 

Джузеппе Патерно деген итальян ақсақал - Әбдіжәміл Нұрпейісов атамызбен түйдей құрдас, 96 жаста. Сол Джузеппе ақсақал үш жыл бұрын Италияның Палермо университетіне құжат тапсырып, оқуға қабылданыпты. Себебі жас  күнінде оқуға мұршасы болмапты, кедейшілік тауқыметін тартқан, одан екінші дүние жүзілік соғысқа қатысқан, теміржолда жұмысшы болған.

"Университетте оқи алмадым, 2017 жылы тағдырлы таңдау болды, "Тап қазір, болмаса ешқашан" деп нар тәуекел дедім",- дейді студент ата. 

Джузеппе ата өзінен 70 жас кіші группаластарымен бірге оқыған, диссертациясын үйреніскен машинкасына терген, электрон кітапхананы пайдалана алмайды. Тек карантин болғалы компьютер пайдаланып, дистанциядан оқуға мәжбүр болған.

Міне, ғасыр-ғұмыр өзі өмір бойы армандаған университетіне түсіп, тіпті ғылыми атақ алды! 

Ал біз Джузеппе атаның жар жасын жасамай жатып, "өй, жас кеп қалды" деп жүрміз...

Міне,  мотивация! 

 
Нұрбек Амишаның фейсбук парақшасынан. 

796 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз