Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Таным
  • 30 Қазан, 2020

Намазалы Омашев - 70 жаста!

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде 40 жылдай қызмет еткен ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Намазалы Омашұлы Омашевтың 70 жасқа толуына арналған «Ұлттық журналистика: зерттеу және білім беру мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн-конференция өтті.

Конференцияда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Ғылыми кеңесінің бекітуімен «Өнегелі өмір» сериясы аясында жарық көрген Намазалы Омашұлы тұлғасына арналған кітаптың тұсаускесері өткізілді.

Сонымен бірге факультет деканы Сағатбек Медеубекұлының бастамасымен ғалым еңбектерінің арнайы көрмесі, фото-көрме ұйымдастырылды.

Халықаралық конференцияны ҚазҰУ бірінші проректоры Мұхамбетқали Мырзабайұлы Бүркітбаев университет басшылығы атынан құттықтап, кіріспе сөзімен ашып, мерейтой иесінің кеудесіне "Ерен еңбегі үшін" арнайы төсбелгін қадап, иығына шапан жапты.

Гибридті-онлайн кездесуге Түркия, АҚШ және Қазақстандық ғалымдар, ҚР Жазушылар және Журналистер Одағының мүшелері, Республикалық БАҚ басшылары мен танымал журналистер, қоғам және мемлекет қайраткерлері, зиялы қауым мен профессор-оқытушылар қатысты.

Өмірдерек

Намазалы Омашев 1950 жылдың 19 қаңтарында Жамбыл облысының Мерке ауданы Ойтал ауылында дүниеге келген.

Н.О. Омашев бүгінде Қазақстан ЖМ Ғылым Академиясы мен Қазақстан Журналистика Академиясының академигі, ЮНЕСКО жанындағы бұқаралық коммуникация және журналистика бойынша дүниежүзілік ORBICOM ұйымының, Қазақстан Жазушылар Одағы мен Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері (2004), ҚР Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлығының (2007), «Үркер» ұлттық сыйлығының лауреаты (2019).

Намазалы Омашұлы Қазақ радиосының редакторы, аға редакторы (1974-1977); әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқытушысы (1977-1979), аға оқытушысы (1979-1986), доценті (1986-1992), радиожурналистика кафедрасының меңгерушісі, профессор (1993-1995); ЮНЕСКО жанындағы ORBICOM ұйымының мүшесі (1995); журналистика факультетінің деканы (1995-2001); ЮНЕСКО-ның бұқарамен байланыс және журналистика кафедрасының меңгерушісі (1996-2009); журналистика мамандығы бойынша Диссертациялық кеңестің төрағасы (1996-2001); әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің проректоры (2001-2008), Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің Журналистика және саясаттану факультетінің деканы (2010-2011), Баспасөз және баспа ісі кафедрасының меңгерушісі (2011-2015), қоғаммен байланыс кафедрасының профессоры (2015-2019), 2009 жылдан бастап күні бүгінге дейін Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің Журналистика мәселелерін зерттеу институтының директоры қызметін атқарып келеді.

Суретті  түсірген Марат Жүнісбеков (Mara Beey)

726 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз