Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 30 Қазан, 2020

Асқар Мамин Қырғызстанның сыртқы істер министрін қабылдады

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Қырғыз Республикасының сыртқы істер министрі Руслан Қазақбаевты қабылдады, - деп хабарлайды ҚР Премьер-Министрінің Баспасөз қызметі.

Үкімет басшысы 2020-2022 жылдарға арналған Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы ынтымақтастықтың кешенді бағдарламасының тармақтарын қоса алғанда, елдер арасында бұған дейін қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асырудың маңыздылығын атап өтті.

Тараптар екі елдің сауда-экономикалық, инвестициялық, транзит-көлік, логистика, су-энергетика салаларындағы ынтымақтастығының жай-күйі мен перспективаларын, сондай-ақ пандемияның теріс салдарын азайтудағы өзара іс-қимылын талқылады.

Кездесуге ҚР сыртқы істер министрі М. Тілеуберді қатысты.

200 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз