Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 30 Қазан, 2020

«Бұл ғажайып әрі нәзік әлем» атты сурет көрмесі ашылды

Ә.Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өнер мұражайында «Бұл ғажайып әрі нәзік әлем» атты сурет көрмесінің ашылуы өтті. Іс-шараны «Stop Musor» әлеуметтік жобасы шеңберінде Қазақстанның экологиялық ұйымдарының қауымдастығы ұйымдастырды, көрме келушілердің назарын қалалар мен табиғатта да өзекті болып келе жатқан қоқыстану мәселесіне аударуға бағытталған.
Көрменің мақсаты – «Stop Musor» жобасының миссиясымен сәйкес: мәселені айқын көрсетіп, адамдардың әлеуметтік жауапкершілігін арттыру арқылы оның оңтайлы шешімін табуға тұрғындарды тарту, дәлірек айтқанда, қоқыс жәшігіне жарамсыз қалдықтарды тастау оңай әрекет екенін адамдарға еске салу!
Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтары 28 қазан мен 6 қараша аралығында белгілі қазақстандық шеберлер Нелли Бубэ, Мұхит және Руслан Ақанаевтардың, Сәуле Сүлейменованың, Жәмилә Такеннің, Шаттық Батанның және өзінің шығармашылық жолын жаңа бастағандар – Алмас Нұрғожаевтың, Нұрболат Асқардың, Камила Баянованың, Равиль Нарегеевтің, Темірәлі Нәжімеденовтің шығармаларымен таныса алады. Суреттер сериясы 30-дан астам туындыдан тұрады, оған әртүрлі тәсілдерді ұштастырып, қолданыста болған қайталама материалдардан жасалған жұмыстар кіреді. Сондай-ақ көрмені онлайн түрде де келесі Instagram-алаңдарда тамашалауға болады: Бейбітшілік және келісім сарайы; Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайы; kazmuseum.kz; Санкт-Петербург экологиялық мұражайының парақшасы pro.musor  және ecoart.kz.
«Көрме аясында қала тұрғындары мен қонақтары, аға буын өкілдері де, балалар да біздің шеберлердің картиналары арқылы Қазақстанның енселі көріктігін тамашалай алады, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау қажеттілігінің өткір мәселелеріне де назар аударады. Әр түрлі көркемдік техниканы қолдана отырып, қайталама материалдардан жасалған жұмыстардың бар болуы қуантады. Бұл шығармашыл жастар үшін үлкен өнеге. Көрмеге сәттілік тілеймін және жұмысты үйден шықпай-ақ тамашалағысы келетіндер мұны экспозицияның онлайн көрсетілімі арқылы жасай алатынын айтқым келеді», - деді Назарбаева Әлия Нұрсұлтанқызы, «Қазақстанның экологиялық ұйымдарының Қауымдастығы» ЗТБ Президиумының Төрайымы.
Тұжырымдамаға сәйкес көрме екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлім авторлардың міндеттерін айқындайтын - көрерменге болашақ ұрпақ үшін сақтауымыз қажет еліміздің флорасы мен фаунасының сұлулығы мен байлығын көрсететін көркем туындыларды қамтиды.
Экспозицияның екінші бөлімі қоршаған ортаны ластанудан қорғау қажеттілігі туралы сұрақтар туғызады. Көрме қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарауға, сондай-ақ қайталама шикізатты қайта өңдеуге бейстандарттық, шығармашылық тұрғыдан келуге шақырады. Шығармалар әртүрлі қайталама материалдардан және алуан техникада ұсынылған.
 «Жалпы, көптеген тұтынушылар қоқысты дұрыс тастаса да, қоршаған орта тым көп мөлшердегі қалдықтармен ластануда. Өкінішке қарай, көптеген тұтынушылар қалдықтардың мөлшері мен құрамы, ыдырау қабілеті туралы қате түсініктерге байланысты қоқыс мәселесін жауапкершілікпен қабылдамайды. Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығымен бірге біз бұл мәселені кешенді тәсілді, соның ішінде хабардарлықты арттыру шараларын қолдана отырып шешеміз. «StopMusor» жобасы аясында атқарылып жатқан барлық белсенділік адамдардың назарын қоқысты дұрыс кәдеге жаратуға аударады деп үміттенемін, соның ішінде қоқысты пайдаланумен орындалған өнер туындыларына арналған бүгінгі көрме де бар», - деп түсіндірді Қазақстан мен Орталық Азия елдеріндегі Филип Моррис Интернэшнл Басқарушы директоры Хуан Карлос Эскобар.
«Әрине, «StopMusor» сияқты әлеуметтік жобаларға өнер өкілдерін тартқан өте маңызды. Өйткені, суретші өзінің кодтары мен мағыналарын өз өнер туындысында бейнелейді. Бұл тұрғыда көрме өте маңызды, өйткені ол елде және әлемде бар экологиялық мәселелер туралы ақпараттық түсінік береді. Мұндағы өнер – зияткерлік және білім беру көпірі. Себебі,  келушілердің түйсігі көрмеден кейін өзгеруі мүмкін», - деді ҚР Мәдениет және спорт министрінің кеңесшісі Е. С. Жұрынбаев.
Көрме Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайында 6 қарашаға дейін, сейсенбі-жексенбі күндері сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін жалғасады.

66 рет

көрсетілді

0

пікір
Алдыңғы мақала Сенаторлар азаматтардың өндірістік кәсіпорындардағы қауіпсіздігіне алаңдайды
Келесі мақала Қожахметов қызметінен кетті

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *