Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 30 Қазан, 2020

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 45 миллионнан асты

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 45 миллионнан асты. Бұл туралы халықаралық ұйымдардың, федералды және жергілікті билік органдарының ақпараты негізінде есептеулер жүргізетін американдық Джонс Хопкинс университетінің сайтында жарияланды.

Университет есебінше, қазір вирус жұқтырғандардың саны 45 018 354 құрайды, 1 181 027 адам қайтыс болды, 30 298 756 адам сауығып кетті. 

Инфекцияның ең көп жағдайы АҚШ-та тіркелген (8 944 934). Одан кейін Үндістан (8,088,851) және Бразилия (5,494,376) тұр. 

Ал Ресейде коронавирусқа қарсы федералды жедел штабтың мәліметі бойынша, 1 581 693 инфекция тіркелді, 1 186 041 адам жазылып шықса, 27 301 адам қайтыс болды.

azattyq-ruhy.kz

248 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз