Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Біздің сұхбат
  • 03 Қараша, 2020

Greenbox кәсібінің негізін қалаушы Ануар

Жеміс-жидек немесе көкөністер сатып алу үшін базар аралап кететін едік. Карантинге байланысты дүкен аралайтын әрекетіміз шектеліп, онлайн қызметке жүгінуге тура келді. Онлайн қызмет көрсету өте ыңғайлы. Адамның уақыты мен энергиясын үнемдейді. Бүгінгі кейіпкеріміз Ануар Сарсембинов Назарбаев университетінің 4-курсында оқып жүріп, Greenbox қызмет көрсету кәсібін ашқан. Бұл қандай кәсіп және оны ашуға не түрткі болды? Осы және басқа да сұрақтарымызға Әнуар жауап берді.

– Павлодар қаласының тумасымын. Үш мектеп ауыстырсам да, үздік оқушы болдым. 8-сыныпта химия пәні басталған сәттен мұғаліміме олимпиадаға қатысқым келетінін айттым. Қалалық, облыстық олимпиаларға қатысып, жүлделі орын алып жүрдім. 9-сыныпта химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінде оқуға түстім. Назарбаев зияткерлік мектебінде оқығанда да республикалық және халықаралық олимпиадаларға қатысып, қанжығама жүлделі орынды байлап келетін едім. Зияткерлік мектептерде төменгі және жоғары сыныптың оқушыларынан құрылған шаңырақтар, яғни ұйымдар бар. Мен сол шаңырақтың президенті болдым. Өзара жарыстарда ылғи І орын алатын едік. Сонымен қатар, мектепішілік волейбол командасының құрамында болып, спортпен де айналыстым. Химия олимпиадасынан НЗМ командасының құрамында болдым. Тек Павлодар облысындағы құрам емес, барлық Назарбаев зияткерлік мектептерінің оқушыларынан құрылған команданың мүшесі едім. Мектепте өте белсенді оқушы болдым.

– Назарбаев университетін таңдауға не түрткі болды?

– 12-сынып оқып жүргенімде Назарбаев университетінде оқитын таныстарым оқу жүйесінің сапалы екенін айтып мақтайтын еді. Содан мен де бірден осы университетте оқимын деп шешім қабылдадым. Мектеп PolyU грантын ұсынса да, мен Назарбаев университетін таңдадым. Басқа жоғары оқу орындарына тапсыру ойымда да болмапты. Foundation бағдарламасына құжат тапсырдым. IELTS-тан қажетті балымды алдым. Соңында SAT тапсырып, бірден 1-курсқа қабылдандым.

– Не себепті химия инженериясы мамандығын таңдадыңыз?

– Химияны мектептен бастап ерекше ықыласпен оқығандықтан, осы салада жұмыс істегім келді. Менде химия және химия инженериясы мамандығына таңдау болды. Содан тек химияны оқи бермей, маған қызмет еткенін қалап, химия инженериясын таңдадым. Оқу бітірген соң, мұнай-газ компаниясында жұмыс істеймін деп ойладым. Бірақ бұл тек стереотип екен. Химия инженериясы мамандығы кез келген жерде қажет. Университетте теориямен қатар, тәжірибелік зерттеулермен айналысуға болады. Назарбаев университетінде тек техника білімін игерумен шектелмейміз. Студенттік өмірдің көңілді өтуіне көмектесетін әртүрлі үйірме бар. Егер қызығушылық болса, сол бағыттағы адамдармен өзіңізді дамытуға болады. 1-курсқа келе сала, бірден домбыра үйірмесіне жазылдым. Назарбаев университетінің оркестр құрамында болдым. Ал ең маңыздысы, студент атанған күннен бастап инженер мұнайшылар қауымдастығының мүшесі болдым. Қауымдастықтың PR менеджерінен бастап, президентіне дейін көтерілдім. Әртүрлі шаралар ұйымдастырдық. Химия инженериясы мамандығын таңдаудың арқасында екі рет шетелге барып, тәжірибеден өттім. Төрт жылдың ішінде бес тәжірибелік білім алмасудан өттім. Сонымен қатар, ғылыми зерттеулермен де айналыстым. Ғылыми мақалаларымды жариялай алмасам да, мен үшін үлкен тәжірибе болды. Биыл мен сүйікті университетімді тәмамдап, магистратураға Миланға түстім.

– Магистратураға тапсыру жоспарда болды ма?

– Оқу бітірген соң магистратурада оқимын деп ойлаған жоқ едім. Кәсіпкерлікпен айналысып, Renewable Energy компанияларында green energy боламын деп жоспарладым. Бірақ ол үшін магистрлік дәреже керек екен. Содан университеттерге құжат тапсыра бастадым. Маған менеджмент саласы ұнайтын. Алайда оған тапсыру үшін екі жылдан кем емес жұмыс өтілі қажет. Студент кезімде құрастырған стартаптарым және бұл саладағы азғантай тәжірибем мотивациялық хат жазғанда көмегін тигізді. Содан Милан политехникалық университетіне Management Engineering мамандығының магистратурасына түстім. Бастысы, магистратураға түскенде белгілі бір мақсат болу керек. Менің мақсатым – green engineering саласын дамыту.

– Green box қызмет көрсету кәсібіңіз туралы айтсаңыз...

– Green box – өзіме қуаныш сыйлайтын кішкентай ғана кәсібім. Бұл кәсіп елімізде аса қарқынды дамымаса да, батыста жоғары сұранысқа ие. Арнайы жазылған қораптарға тапсырыс берген тұтынушыларға жеміс-жидек пен көкөністер жеткіземіз. Мысалы, адамдар тапсырыс берген соң, келесі апта көкөніс сатып алуды ұмытып кетті дейік. Ал біз әр апта сайын жеміс-жидек пен көкөніс қораптарын жеткізіп береміз. Оған қоса, қорапта қандай жемістің бар екенін тұтынушылар ашқан кезде ғана көреді. Әр апта мәзірді өзгертіп отырамыз. Сонда адамдар өздеріне қандай жеміс-жидек немесе көкөніс жеткізілетінін білмейді. Бұл бір жағынан тосын сый есебінде адамдарға қуаныш сыйлау. Әйтпесе, көкөніс сатып алу күнделікті немесе қызық емес әрекетке айналып кеткен сияқты. Кәсібімнің жақсы жұмыс істеп жатқанына 3-4 ай болды. Командамыз да кішкентай. Бірақ тұтынушылар қызмет көрсеткенімізге риза. Бір жағынан көкөніс-терге тапсырыс беру еш шығынсыз әрі экологияға зияны жоқ кәсіп. Әрқашан көкөніс қораптарын өзім жеткізуге тырысамын.

– Қосалқы кәсіп дегеніңізге қарағанда, негізгі жұмысыңыз бөлек қой?

– Green box – менің қосалқы кәсібім. Оқушыларға физика, химия, математикадан сабақ беретінім де бар. Бұл да қосымша жұмыс. Қазіргі таңда Милан политехника университетінде қашықтан оқумен қатар, ІТ мен инновация бағытында бір компа-нияға командамен жасанды интеллект құрастырып жатырмыз. Бұл – табыс көзі болып тұрған тұрақты жұмысым. Жаңа жылдан кейін Миланға кетемін де, стартап жобалармен қашықтан жұмыс істеймін. Басты мақсатым – Қазақстанда green эволюция жасау. Сондықтан қаржы жағынан да тәуелсіз болуым керек.

– Сұқбатыңызға рақмет!

Назым Сапарова

«Ұлан» газеті, №44

 

405 рет

көрсетілді

2

пікір
Алдыңғы мақала Ерлан Жұрынбаев, Мәдениет және спорт министрінің кеңесшісі: Жаңа жағдайға бейімделіп келеміз
Келесі мақала Жасұлан Қыдырбаев, чемпион: Үлкен спортқа қайта оралармын

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

Torri Estrada

25 Қараша, 2020

Hi, We're wondering if you've ever considered taking the content from kazgazeta.kz and converting it into videos to promote on Youtube? You simply add the text and it converts it into scenes that make up a full video. No special skills are needed, and there's access to over 1 million images/clips that can be used. You can read more about the software here: https://www.vidnami.com/c/Chal09-vn-freetrial Kind Regards, Torri

Eric Jones

26 Қараша, 2020

Hello, my name’s Eric and I just ran across your website at kazgazeta.kz... I found it after a quick search, so your SEO’s working out… Content looks pretty good… One thing’s missing though… A QUICK, EASY way to connect with you NOW. Because studies show that a web lead like me will only hang out a few seconds – 7 out of 10 disappear almost instantly, Surf Surf Surf… then gone forever. I have the solution: Talk With Web Visitor is a software widget that’s works on your site, ready to capture any visitor’s Name, Email address and Phone Number. You’ll know immediately they’re interested and you can call them directly to TALK with them - literally while they’re still on the web looking at your site. CLICK HERE http://www.talkwithwebvisitors.com to try out a Live Demo with Talk With Web Visitor now to see exactly how it works and even give it a try… it could be huge for your business. Plus, now that you’ve got that phone number, with our new SMS Text With Lead feature, you can automatically start a text (SMS) conversation pronto… which is so powerful, because connecting with someone within the first 5 minutes is 100 times more effective than waiting 30 minutes or more later. The new text messaging feature lets you follow up regularly with new offers, content links, even just follow up notes to build a relationship. Everything I’ve just described is extremely simple to implement, cost-effective, and profitable. CLICK HERE http://www.talkwithwebvisitors.com to discover what Talk With Web Visitor can do for your business, potentially converting up to 100X more eyeballs into leads today! Eric PS: Talk With Web Visitor offers a FREE 14 days trial – and it even includes International Long Distance Calling. You have customers waiting to talk with you right now… don’t keep them waiting. CLICK HERE http://www.talkwithwebvisitors.com to try Talk With Web Visitor now. If you'd like to unsubscribe click here http://talkwithwebvisitors.com/unsubscribe.aspx?d=kazgazeta.kz