Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 03 Қараша, 2020

МакГрегор аралас жекпе-жекке оралғанын мәлімдеді

UFC ұйымының екі салмақ бойынша бұрынғы чемпионы Конор МакГрегор аралас жекпе-жекке оралып, жеңіл салмақта өнер көрсететінін мәлімдеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Ирландиялық спортшы қай ұйымда өнер көрсететін нақтыламады. Бірақ ол тексеруден өтіпті.  

«McGregor FAST зертханасынан келдім. Денемді толық тексерд3, нәтижелері де шықты. Жеңіл салмақ, күт мені», — деп жазды Конор Twitter желісіндегі парақшасында.

Еске сала кетсек, маусым айында МакГрегор аралас жекпе-жектегі карьерасын аяқтағанын мәлімдеген болатын.

469 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз