Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 04 Қараша, 2020

Иван Дычко шаршы алаңға оралады

Олимпиаданың екі дүркін чемпионы Иван Дычко (9-0, 9 КО) жыл соңына дейін кәсіпқой рингте жекпе-жек өткізеді.

Боксшының шаршы алаңға оралатыны жайлы қазақстандық менеджер Зия Әлиев мәлімдеді.

«Жыл соңына таман, желтоқсанда ол шаршы алаңға шығады деп жоспарлап отырмыз. Иван қазір Қазақстанға жаттығып жүр, бірақ жақын арада АҚШ-қа кетеді. Қарсыласы жайлы әзірше ешқандай ақпарат жоқ. Жекпе-жек сегіз раунд болады деп ойлап отырмыз», – деді менеджер.

Айта кетейік, Иван Дычко соңғы жекпе-жегін 2019 жылы өткізіп, америкалық Нэйт Хэвенді (9-3, 7 КО) жеңген болатын.

608 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз