Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Шартарап
  • 12 Қараша, 2020

Таулы Қарабахтағы жағдайды бақылайтын орталық құрылады

Ресей мен Түркия Қорғаныс министрлері Таулы Қарабахта атысты тоқтатуды бақылау орталығын құру туралы меморандумға қол қойды. Ресей Қорғаныс министрлігінің мәлімдеуінше, аталған орталық Әзербайжан аумағында орналастырылып, атысты тоқтату тәртібін сақтауды қадағалайды. Және де осы уағдаластықтың орындалу барысы жайлы ақпарды тексеріп, оны орындау барысында туындаған мәселер мен шағымдарды қарастырумен айналысатын болады. Еске сала кетейік, өткен сейсенбі күні Әзербайжан, Армения және Ресей басшылары Таулы Қарабахтағы атысты тоқтату туралы бірлескен мәлімдемеге қол қойды. Оған сәйкес аймаққа Ресей бітімгерлері орналастырылады. Егер тараптар қарсылық танытпаса, олардың қалу мерзімі тағы бір мерзімге ұзартылады.



466 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз