Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Шартарап
  • 16 Қараша, 2020

COVID-19: Швецияда коронавирусты қайта жұқтырғандар бар

Қатаң карантиндік шаралардан бас тартып келген Швециядағы көрсеткіштер көңіл көншітпейді. Статистика мұндағы эпидемиологиялық ахуалдың көрші елдердегі жағдайдан нашар екенін көрсетіп отыр. Мәселен, елде коронавирусты жұқтыру деректері Финляндиямен салыстырғанда, шамамен 10 есе, Норвегиямен салыстырғанда 6 есе көп. Сарапшылардың айтуынша, бұл елдер індетпен күресті ерте бастап кеткен. Олардағы көрсеткіштердің салыстырмалы түрде жақсы болуы да осыған байланысты дейді. Айта кеткен жөн, Еуроодақ елдерінің ішінде қатаң шаралардан бас тартып келген жалғыз ғана мемлекет – Швеция. Билік ұжымдық иммунитетке үміт артып, осылайша карантиннің экономикаға кері әсерін азайтпақ болған. Алайда жуырда корольдіктің бас эпидемиологы «Швед моделінің» тиімсіздігін мойындады. Қазір мұндағы вирус жұқтырғандар саны 177 мыңнан асады. Ел астанасы Стокгольмде тапсырылып жатқан әрбір бесінші тест оң нәтиже көрсетіп жатыр. Одан бөлек, мұнда «150 адам індетті қайта жұқтырған» деген мәлімет бар. Қазір қоғамдық денсаулық сақтау агенттігі бұл деректерді тексеріп жатыр.



354 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз