Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Мотивация
  • 19 Қараша, 2020

Интернеттің игілігі немесе ауылдағы "мəскеулік"

 

Аралдың түйелері көшені көк ала шаң қылып кетіп барады. Дырт-дырт етіп зорға оталып келе жатқан мотоциклді де елемейді бұл өркештілерің. Ауылдың маңдайына бұйырған жамау-жамау асфальтты бергісі келмей, маңғаздана жүріп келеді пәтшағарлар. Туған өлкеге арасында бір баратын болғасын ба, түйелерді де сағынады екенсің кәдімгідей.

Ал,  жақын жұрағатымыздың үйіне жеткенде жаңағы шаңдақтың арасынан шығып,  Мәскеуге кіріп кеткендей болдым.

— Из Ломоносова до Пушкина.(Бізге бейтаныс көшелерді атады әйтеуір). 

— Заказ принято!

 Алдындағы компьютерін тықылдатып жас келіншек әр хабарламаға жауап беріп отыр. Не де болса, маңызды іс екені көрініп тұр.

— Қәне, бестің шайын ішейік! Келін сәлден соң сменін тапсырады, - деді үйдегі апа. — Ауылда жұмыс жоқ деп отыра ма енді! Тірнетпен жұмыс істейді. Ресейдің бір қаласындағы таксистерді басқарады! Не деуші еді әлгі, діспетчір! - деді.

Тетігін тапқан адам үшін алақандай ауыл не, қыз-қыз қайнаған қала не, бәрі бірдей екен ғой.  Өзіңді ісіңмен дәлелдей білсең, әлемнің кез-келген нүктесінде жұмыс істеуге болады екен.

 
Сағира Уəли
 

705 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз