Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 19 Қараша, 2020

Жаңаөзенде 27 жасар кәсіпкер торт пісіреді

Жаңаөзен қаласының тұрғыны Сәбит Кабыкеев 21 жасынан бастап тәтті торттар дайындайды. Осы кәсіпті қолға алудағы басты себеп тәттіге деген сүйіспеншіліктен пайда болған. Бүгінде ол әртүрлі торттардың құрамын әзірлеп, өзі атау береді.

«Торт пісіріп жүргеніме 6 жылдай болды. Қытайдағы оқуымды тастап елге оралып, 1 жылдай жүріп, өзімнің бизнесімді бастадым. Тапсырыстарды әзірше үйде қабылдаймын.Бүгінде менен сабақ алған шәкірттерім де бар. Алдағы уақытта өз кондитерлік дүкенімді ашуды жоспарлап отырмын. Мақсатым Жаңаөзен, Ақтау қалаларында кондитерлік студия ашып, кәсібімді кеңейту. Өсіп келе жатқан жастарды жұмысқа тартып, еңбекке баулығым келеді. Қазір өзгеше рецептермен 3 торт ойлап шығардым»,- деді Сәбит Кабыкеев.

Сәбит Кабыкеевтің айтуынша бір тортты әртүрлі жағынан жасап көріп, ерекше торттың рецептін ойлап тапқан. Оны дайындап, нақты құрамын анықтау үшін 2 ай ға жуық уақыт кеткен. Бүгінде ол тәттілеріне «Ай тәтті», «Үш сұлу» және «Аққу» деген ат қойған. 27 жастағы кәсіпкер азамат болашақта жұмыссыз жүрген жастарға тегін түрде білім беріп, өзінің кондитерлік дүкеніне жұмысқа алуды мақсат тұтады.

1031 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз