Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 20 Қараша, 2020

Пандемия кезінде ана өлімі 4 есе көбейген

 
9 айда көз жұмған 136 әйелдің басым бөлігі коронавирустан қайтыс болған. Жағдайды өршітпеу үшін емханаларда жеке қабылдау бөлімшелері жасақталды. ПТР-талдауы жоқ әйелдерге арнайы изотерм сынама жасалады. Елордада індет жұқтырған мыңнан аса ананың үшеуі көз жұмған. Дәрігерлер болашақ аналарды сәбиінен ажыратпаудың амалын жасап жатыр. Босану уақыты таяғанда әр апта сайын оларға ПТР талдау жасалады. Індет белгілері анықталса, стационарда не болмаса үйінде ем қабылдайды. 
Шұғылажан Есімбаева, Нұр-Сұлтан қалалық №1 көпсалалы аурухана директорының орынбасары: 
– ПТР тесті оң мәнді не теріс мәнді екенін анықтау үшін барлық медициналық мекемеде екі қабылдау бөлімшесі ұйымдастырылған. Шұғыл түрдегі қабылдау бөлімшесінде жылдам анықтайтын изотерм тест деген қондырғылар орнатылған.
 
Нәтиже 1,5 сағатта дайын болады. Есесіне болашақ ананың кеселден тез сауығуына мүмкіндік бар. Себебі коронавирус аяғы ауыр әйелдер үшін аса қауіпті. Сәбидің іште шетінеуін тежеу қиынға соғады. Сондықтан жүкті әйелдерде коронавирустық инфекция дәлелденген жағдайда клиникалық көрсеткіштері болмаса да дəрігерлер жүкті әйелдің өзін ғана емес  ішіндегі ұрықтың жағдайын да анықтайтындарын айтады. Елімізде 9000 ана коронавирус жұқтырды. Салдарынан ана өлімі 4 есе артты. Індеттің екінші толқынында көрсеткіш еселенбеуі үшін дәрігерлер қашықтықты сақтап, вирустан қорғану амалдарын ұмытпауға кеңес береді.

                                                     24.kz

434 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз