Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Шартарап
  • 20 Қараша, 2020

Израиль Ливан шекарасына əуеден соққы жасады

Израиль әскері Ливан аумағына әуеден соққы жасады. Белгілі болғандай зымырандар шекара маңындағы бірнеше елді мекенге құлаған. Болжам бойынша атыс-шабыс болған аймақ арқылы жуырда Ливан жасақшылары Израиль аумағына өтуі мүмкін. Өйткені дәл осы жерде шекарадан өтетін жасырын жол табылған. Қазір шекара маңындағы елді мекендерде тергеу ісі жүріп жатыр. Айта кетейік, екі ел арасындағы кикілжің бірнеше жыл бойы жалғасып келеді. Арадағы дипломатиялық қарым-қатынасты реттеуге АҚШ пен өзге де мемлекеттер тырысып бақса да, нәтиже жоқ.


357 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз