Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 20 Қараша, 2020

Сәдуақас Байғабылов жаңа қызметке тағайындалды

Сәдуақас Байғабылов Алматы қаласының Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары болып тағайындалды.

«Бүгіннен бастап Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары болып тағайындалдым», - деді Сәдуақас Байғабылов.

Айта кетейік, ол бұған дейін Көліктегі бас мемлекеттік санитар дәрігер қызметін атқарды.

Еске сала кетейік, Сәдуақас Байғабылов 2019 жылы Мемлекет басшысының сынынан кейін Нұр-Сұлтан қаласының бас санитар дәрігері қызметінен босатылды. 2020 жылдың қаңтарында Павлодар облысының бас санитар дәрігері қызметіне тағайындалды. Шілде айынан бастап ҚР Көліктегі бас мемлекеттік санитар дәрігер қызметін атқарды.

 

403 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз