Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 20 Қараша, 2020

Мұсаділов бүгін АҚШ-та жұдырықтасады

20 қарашадан 21 қарашаға қараған түні Флорида штатының Майами қаласында жеңілмеген қазақстандық боксшы Серік Мұсәділов (7-0, 7KO) кезекті жекпе-жегін өткізеді.

Бірінші ауыр салмақта өнер көрсететін жерлесіміз бұл кеште мексикалық Даниэль Нахерамен (9-5-1, 4KO) жұдырықтасады. Жекпе-жек алты раундқа жоспарланған. 

Мұсәділов соңғы жекпе-жегін биыл қыркүйек айында өткізді. Майамиде өткен кездесуде ол америкалық Кент Холландты (4-6-1, 2 КО) екінші раундта техникалық нокаутпен жеңіп, Америка бокс федерациясының (ABF) Атлантика чемпионы титулын жеңіп алған болатын. 

M&R Boxing Promotions компаниясы ұйымдастырған бокс кешінің басты жекпе-жегінде Мелвин Лопес (23-1, 14 KO) пен Брэндон Бенитес (15-2, 6 КО) кездеседі. 

535 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз