Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 20 Қараша, 2020

Елордада Тәшеновке ескерткіш орнатылатын болды

Бұл туралы Мәжіліс депутаты Кәрібай Мұсырман өзінің фейсбук парақшасында жазды.

 «Былтыр Қызылжардың бір топ құрметті ақсақалының өтінішіне орай астананың сол кездегі әкімі Бақыт Сұлтановқа хат жолдап, Нұр-Сұлтан қаласында көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Жұмабек Тәшеневке ескерткіш орнату мәселесін көтергенмін. Бұл ұсынысымызға қала әкімдігі қолдау білдірген болатын.

Содан бері біраз уақыт өткендігін және астананың әкімі ауыстырылып, сауда министрі болып кеткен Бақыт Сұлтановтың орнына Алтай Көлгінов келгендігін ескеріп, мәселенің мән-жайы не болып жатқанын тағы бір білмек үшін жуырда шаһар басшысының атына хат жазған едім. Кеше әкімнің орынбасары Бақтияр Мәкен қол қойған жауапты алдым. Онда былай делінген:

«Үстіміздегі жылғы 28 ақпанда Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі жанындағы Қазақстанда орнатылатын монументтік өнер құрылыстарын орнату жөніндегі комиссияның отырысында Жұмабек Тәшенев ескерткіші бойынша жұмыс жобалары қарастырылып, олардың арасынан № 123579 (авторлары: Е. Ержанов, М. Бигалиев) жобасы мақұлданған.

Қазіргі таңда қаржы көзі анықталып, жоғарыда көрсетілген ескерткішті

Ж. Тәшенев көшесінің бойындағы «Алатау» СК алдындағы жер учаскесінде орнату көзделуде.

Сонымен қатар, ескерткішті 2021 жылдың II-тоқсанында орнату жоспарланғандығын хабарлаймыз».

Еліміз аман болса, ол күнге де жетерміз»,- деп жазды Кәрібай Мұсырманов фейсбуктегі жазбасында.

 

540 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз