Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Мотивация
  • 20 Қараша, 2020

Білімді бірінші орынға қойған Корея

Соңғы емтиханды тапсыруға тиіс бір студент түнімен дайындалып, таңертең  емтихан тапсыруға бірнеше минут қалғанда  ғана ояныпты.  Егер ол бұл емтиханнан кешіксе, онда  биылғы жылы оқуға түсуге дайындалған бар еңбегі зая кетіп, тағы бір жылға күтетін болады.

Оқушының тұратын үйі Мапу ауданында, ал  мектебі оның үйінен 5,8 шақырым қашықтықта. Оның мектебі Сеулдің жол кептелісі  ең мол бөлігінде орналасқан. Мапудан мектепке дейін жетуге кем дегенде 20 минут кетеді.

Студент   аудандық полиция бөліміне жыламсырап жөнін айтқан кезде, полиция қызметкерлері оны көлікке отырғызып, дабылын қосып, аса жылдамдықпен мектепке қарай зымырайды.

Таңертеңгі жұмыс  уақыты болғандықтан,  көліктер де өте тығыз болатын. Полиция  дауыс ұлғайтқышпен: «Кешіріңіздер, соңғы емтиханға кешігіп бара жатқан студентке жол берулеріңізді өтінемін!»,-деп дауыстап отырған, ал жолдағы барлық машиналар тоқтап  жол беріп отырыпты. Себебі корея халқы соңғы қорытынды емтиханның қаншалықты маңызды екенін жақсы түсінеді.

Полиция оны 20 минут жүретін жерге 7 минутта жеткізіпті. Емтихан басталардан екі минут бұрын ғана мектепке жетіп үлгерген студент разы болған үнмен  рахметін айтып, жүгіріп мектепке кіреді.

Кореядағы мектеп бітіру емтихан тапсыратын күн- студенттер үшін өте жауапты күн. Бұл күні барлық  мекемелер қызметкерлерінің соңғы емтиханға қатысатын баласы бар болса  демалуға, немесе жұмыстан кешігуіне мүмкіндік береді. 

Бұл күні мектеп маңында көлік кептелісі және артық у-шудың  алдын алу үшін полицейлер қосымша күш қолданады. Кешігіп қалуы мүмкін студенттерге  көмектесуге  қосымша машиналары да дайын тұрады.

Корея елі білім беруді бірінші орынға қойған. Олар елмен жердің болашақ иелерінің білімді болуына ерекше мән беріп осылай қамқорлық жасайды екен!

 
Амантай Тойшыбайұлының фейсбук парақшасынан

683 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз