Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 21 Қараша, 2020

IX Азаматтық форум өтеді

23-27 қараша аралығында Қазақстанда «Қоғам және мемлекет: «Birgemiz» - 30 жылдық серіктестік пен даму» атты IX Азаматтық форум өтеді.

Бұл жылы іс-шара онлайн режимінде ұйымдастырылды. Соған сәйкес форум бағдарламасында дәстүрлі сөз сөйлеу, тренинг, пікірталас және видеоподкасттан бөлек, министрлердің үкіметтік емес сектормен кездесуі болады. Тікелей көрсетілім күнделікті көрсетіледі. Көрермендердің кооментарийде сұрақтарын қойып, жылдам жауап алу мүмкіндіктері бар.

Форумның басты мақсаты – азаматтық қоғам институты мен мемлекеттік орган және бизнес құрылымдармен өзара қарым-қатынасын тиімді ету мезанизмін қалыптастыру. Делегаттар азаматтық қоғамды дамытудың жаңа Концепциясының бағытын, азаматтардың шешім қабылдауға қатысуын, қоғамдық бақылаудың мүмкіндіктері мен механизмі, ҮЕҰ-дың бәсекеге қабілеттілігін және т.б тақырыптарды талқылайтын болады. Сонымен қатар, Азаматтық қоғам апталығы аясында бұрын өткен кездесулердің ұсыныстарын іске асыру жөніндегі баяндама жарияланады.

IX Азаматтық форумның қатысушыларының қатарында қоғам қайраткерлері, халықаралық ұйымдардың, мемлекеттік органдардың өкілдері, сарапшылар қауымдастығы –ел бойынша жалпы саны 500 астам адам қатысады. Форум бағдарламасы және делегаттарды тіркеу мына сайтта жүзеге асырылады – www.azamattyqforum.kz.

Іс-шараны ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен Қазақстанның Азаматтық Альянсы ұйымдастырып жатқанын еске саламыз.

Анықтама: Алғашқы Азаматтық форум 2003 жылғы 14 қазанда өтті. Сол уақыттан бері еліміздің үшінші секторын дамытуға үлкен көңіл бөлінуде. Қазіргі таңда Қазақстанда 22-ден аса үкіметтік емес ұйымдар тіркелген. 2019 жылдан бері мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бюджетінің көлемі шамамен 50% дейін көбейіп 25 млрд теңгені құрады. Бұл қаражаттың жартысы халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдауға бағытталған.

 

633 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз