Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 21 Қараша, 2020

Қос елдің премьер-министрі Түркістанда кездесті

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин мен ӨР Премьер-Министрі Абдулла Арипов Түркістан қаласында кездесу өткізді

 Үкімет басшылары сауда-экономикалық, инвестициялық, ауыл шаруашылығы, су-энергетика, көлік-логистикалық, кедендік ынтымақтастық, сондай-ақ өнеркәсіптік кооперация мен өңіраралық өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін талқылады.

ҚР мен ӨР арасындағы 2020-2022 жылдарға арналған ынтымақтастықты кеңейту және тереңдету жөніндегі практикалық шаралар жоспарын іске асыру, аймақтық тауар өткізу жүйесін, Қазақстан – Өзбекстан шекарасында Халықаралық сауда-экономикалық ынтымақтастық орталығын құру, шекара маңы өткізу бекеттерін жаңғырту және т. б. мәселелерге ерекше назар аударылды. Өзбекстан — Қазақстанның Орталық Азия өңіріндегі негізгі сауда серіктесі. 2019 жылдың қорытындысы бойынша екіжақты тауар айналымы 21,2%-ға, $4,5 млрд-қа дейін өсті. Тараптар тауар айналымын $10 млрд-қа дейін жеткізуді көздеп отыр.
Үкімет басшылары Түркістан қаласында тоқыма бұйымдарын өндіретін  «Turkistan Textile» қазақстандық-өзбек бірлескен кәсіпорнының ашылу рәсіміне қатысты. Тігін фабрикасы «Turkistan» индустриялық аймағында 2 гектар аумақта орналасқан. Инвестиция көлемі – 700 млн теңге. Өндірістің жобалық қуаты – айына 13 мың тоқыма бұйымдары. Кәсіпорын әйелдер үшін, оның ішінде ерекше қажеттіліктері бар жандар үшін 1 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. А. Мамин А. Ариповты Түркістан қаласының әлеуметтік, спорт, көлік және туристік инфрақұрылымының жаңа нысандарымен – халықаралық әуежай, конгресс-холл, «Ұлы Дала Елі» орталығы, «Түркістан Арена» стадионы, Оқушылар сарайы, «Rixos Turkestan» қонақ үйімен, сондай-ақ «Керуен-сарай» көпфункционалды туристік кешенінің және 5 мың орындық мешіттің салыну барысымен таныстырды.
Үкімет басшылары Қ. А. Яссауи кесенесіне, «Әзірет-Сұлтан» мәдени-тарихи музейіне барып, Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

150 рет

көрсетілді

0

пікір
Алдыңғы мақала ҰҚШҰ-ның Әскери комитеті ынтымақтастық мәселелерін қарады
Келесі мақала Air Astana Мальдив аралдарына рейстерді орындамақ

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *