Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 21 Қараша, 2020

Өскеменде көп қабатты үйден өрт шықты

 

Өскемен қаласында өрт шыққан көп қабатты тұрғын үйден 30-дан астам адам эвакуацияланды.  ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, кеше түнде Крылов көшесіндегі тоғыз қабатты үйдің 4 қабатында орналасқан пәтер лоджиясында өрт шыққан. Пәтер иесі жалынды өзі сөндірмек болды. Алайда онысынан түк шықпағандықтан өрт сөндірушілерге хабарласқан. «Оқиға орнына дереу жеткен құтқарушылар тілсіз жауды сөндіруге кірісті. 34 тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді. Зардап шеккен ешкім жоқ», - деп хабарлады ведомство өкілдері. Көп ұзамай жалпы ауданы 6 шаршы метрді құраған өрт өшірілді. Өрт сөндірушілер оттың пәтер ішіне тарап кетуіне жол бермеді. Алдын ала мәлімет бойынша тілсіз жаудың шығу себебі – тоңазытқыштың тоқ өткізгіш элементтеріндегі апаттық жұмыс режимі себеп болуы мүмкін.


410 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз