Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Шартарап
  • 21 Қараша, 2020

Болгарияда Абай мен Əл-Фарабидің құрметіне мерейтойлық маркалар шығарылды

Болгария Халық жиналысының ғимаратында Әбу Наср әл-Фарабидің 1150-жылдығына және Абай Құнанбайұлының 175-жылдығына арналған марканы шығарудың салтанатты рәсімі өтті, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Пошталық марканы шығару жобасы Қазақстанның Софиядағы Елшілігінің бастамасымен «Болгария поштасы» ақционерлік қоғамы жүзеге асырды. Іс-шараға Қазақстанның Софиядағы Елшілігінің өкілдерімен қатар Халық жиналысының төрайымы Цвета Караянчева, «Қазақстанмен достық үшін» парламентік тобының төрайымы Даниэла Дариткова, Сыртқы істер министрінің орынбасары Милен Люцканов, Көлік министрінің орынбасары (пошта саласына жауапты) Андреана Атанасова , «Болгария поштасы» ақционерлік қоғамының Бас директоры Деян Дынешки, сондай-ақ әр түрлі саяси партиялардан парламент депутаттары қатысты.

 

 Ц. Караянчева өз сөзінде Қазақстан мен Болгария арасындағы қатынастардың жақсы дамып келе жатқанын атап өтіп, іс-шара екіжақты ынтымақтастықты нығайтудың тағы бір мүмкіндігі болғанын хабарлады. Сонымен бірге, ол Елшілігіккее аталған ұлы тұлғалармен танысуға мүмкіндік бергені үшін алғыс айтты


Өткізілген іс-шара болгар аудиториясын Қазақстан халқының мәдени мұрасы мен рухани байлығымен таныстыруға жақсы мүмкіндік ұсынды. Сонымен қатар, іс-шара аясында философия ғылымдарының докторы, Қазақ ұлттық университетінің профессоры Жақыпбек Алтаевтың болгар тіліне аударылған әл-Фараби туралы жаңадан шыққан кітаптың тұсаукесері өтті. Соңында Қазақстан Республикасының Елшісі қонақтарғ аталған жаңа кітап пен Абайдың «Қара сөздер» болгар тіліндегі басылымын, және «Құнанбай» фильмімен (болгар тілінде) DVD табыстады.



142 рет

көрсетілді

0

пікір
Алдыңғы мақала Қытай мегаполистерінде коронавирус қайта бас көтерді
Келесі мақала Коронавирустың үшінші толқыны болуы мүмкін

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *