Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Мотивация
  • 22 Қараша, 2020

Жүрісіне қарап адамның мінез-құлқын қалай білуге болады?

 

Адамның жүрісі - адамның  ішкі əлемінің жай-күйінен хабар береді дейді психологтар. Көңіл-күйін, өзін-өзі бағалауын да жүріс мəнерінен аңғаруға болады екен.

Еңкіш,  қушиыңқы иық адамның өзіне сенімсіздігін көрсетеді. Бұлай жүретін адамдар көпшілік арасында өзін ешкімнің байқамағанын қалайды. Өзін ортада қолайсыз тіпті, кінəлі сезінетін адамдар осылай жүреді.

Иығын тік ұстайтын жандар - өзіне сенімді, көзқарастары еркін адамдар.

Жүріс жылдамдығына қарап психолог-мамандар, адымдап əрі  аяғын нық басып жүретіндер - өз бағасын білетін, айналасындағыларға ештеңе дəлелдеп əуре болмайтын адамдар дейді. Бұлай көбіне лауазымды қызметтегі əйелдер жүретін көрінеді. Егер жүргенде аздап кібіртіктеу байқалса, адамның өзін бағалауы төмен деген сөз. Мұндай жағдайда адам өзімен жұмыс жасауы керек.

Тез адымдап жүретіндер табиғатынан көшбасшылық қасиетке ие адамдар. Жылдам жүріс - еркін де  өзімшіл адамдарға тəн.

Баяу бірақ кең адымдап жүретіндер сын көтере алмайтын, жұрттың кеңестерін тыңдауға құлықсыз адамдар.

Аяғы аяғына соқтығысып жүретіндерде  алға ұмтылушылық, өршілдік қасиет жоқтығын білдіреді. Мұндай адамдар өткеніне көп қарайлап, көп мүмкіндіктерін жоғалтып алады.

Қолын сермеп, адымымен үйлестіре жүретіндер - оптимист адамдар.

Ал қолын денесінің деңгейінде ұстап, сенімсіздеу, қалтақтай жүретін адамдар - ақыл-ойы кештеу дамыған, бейқам, мұңсыз адамдар болуы мүмкін.

Егер адам қолын денесіне қыса ұстап, ширыға жүретін болса, мұндай адамдар сыр алдырмас жабық адамдар саналады.

Қолын қалтасына салып жүру - тұйықтықтың белгісі. Мұндай адамдар күрмеуі қиын мəселелерімен басы қатып жүргендіктен ешкіммен ашық сөйлесуге құлықты болмауы да мүмкін. Олар айналасындағы адамдардың бəріне бірдей көңіл аударып, амандасуға дайын емес. Өз əлемінде өзімен өзі қалғанды ұнатады.

Басты төмен салып жүру - ойлы адамдарға тəн. Бірақ оларды тұйық деуге əсте болмайды. Ойшыл адамдар сондай-ақ, айналасына зер сала қарап, өз ойымен аспанда қалықтап жүреді.

Ал басы мен иегін  көтеріңкіреп жүретіндер - еркін бірақ өзін тым асыра бағалап, тұлға сезінетіндер десе де болады. Мұндай адамдардың мінезі ауыр келеді.

Адамның жүрісіне қарап мінез-құлқын анықтар кезде қатып қалған қағида осы екен деп, тура осылай болжай салуға да болмайды. Адамдар ауа райының қолайсыздығына байланысты қолын қалтасына салып, бүрсеңдеп жүруі əбден мүмкін. Сондықтан сыртқы факторларға назар аударуды ұмытпаңыздар дейді мамандар.

Бір сəт өз жүрісіңізді бақылап көріңіз. Мінез-құлқыңызда түзейтін тұс болып қалуы да мүмкін. Өзгерісті өзімізден бастайық.

 

 

1519 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз