Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 23 Қараша, 2020

Жұмағұлов-Альбази промо-ролигі жариялады

«Территория ММА» Youtube-арнасы қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұловтың (13-4) алдағы жекпе-жегіне арналған промо-ролик жариялады.

Жалғас Жұмағұловтың UFC-дегі екінші жекпе-жегі 29 қарашада өтеді. Жерлесіміз Лас-Вегаста (Невада) өтетін UFC Fight Night 184 турнирінде шециялық Амир Альбазимен (13-1) кездеседі.

27 жастағы Альбази ММА-ға 2009 жылы тамыз айында 16 жасында аяқ басқан. Ал UFC-дегі дебютін биыл шілде айында өткізді. UFC FN 172 турнирінде ол бірінші раундта Малкольм Гордонды жеңді. 

Ал Жалғас Жұмағұловқа келетін болсақ, қазақстандық файтер UFC туы астындағы алғашқы кездесуін UFC 251 турнирінде өткізді. Ол кездесуде Жұмағұлов бразилиялық Раулиан Пайвадан даулы шешіммен жеңілді. 

Қазіргі уақытта Жұмағұлов елімізде Америка Құрама Штаттарына визаның бекітілуін күтіп жүр. Егер виза мақұлданса, файтер Лас-Вегасқа жол тартады.

574 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз