Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Шартарап
  • 23 Қараша, 2020

Испанияда халыққа жаппай COVID-19-ға қарсы вакцина егу басталады

 

Испанияда халыққа жаппай екпе егу жұмыстар қаңтар айында басталады. Бұл туралы осы елдің премьер-министрі Педро Санчес мәлімдеді. Шара ерікті түрде болады. Билік коронавирустан қорғану үшін көп адам екпе алуға келіседі деп отыр. Корольдікте қазір вакцинация жасайтын 13 мың орын ашылған. 10 миллион адамды егу үшін 2 айдай уақыт кетуі мүмкін. Ал келер жылдың ортасына қарай халықтың 70%-і, яғни 30 миллион адам егілуі ықтимал. Билік бұл шара елдегі эпидемиологиялық ахуалды жақсартатынына үмітті. Үкімет халықты вакцинациялауға қатысты жоспарын келесі аптада ұсынбақ. 

 

Педро Санчес, Испания премьер-министрі:

 - Біз Еуроодақта Германиямен бірге коронавирусқа қарсы халықты вакцинациялау жоспарын дайындап жатқан алғашқы елдің біріміз. Бұл мәселеге дайындықты қыркүйек айынан бастадық. Алдағы сейсенбіде үкімет отырысында толық жоспарымзды жариялаймыз. 



715 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз