Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Шартарап
  • 23 Қараша, 2020

Қытайда 5G байланысының əлемдегі ең ірі желісі құрылды

Орнатылған базалық станциялардың жалпы саны 700 мыңды құрайды. Бұл туралы Қытайдың өнеркәсіп және ақпараттандыру министрінің орынбасары Лю Лехун айтты, деп хабарлады ТАСС. Оның айтуынша, Қытай орнатқан 5G базалық станцияларының саны бүкіл әлем бойынша шамамен 70% жеткен. COVID-19 пандемиясы кезінде Қытайда интернет-трафикті тұтынудың жалпы өсімі байқалады, ол 2019 жылдың соңымен салыстырғанда орта есеппен 50% өсті. Өткен жылдың қазан айының соңынан бастап Қытайдың жетекші ұялы байланыс операторлары халыққа бесінші буын қызметін ұсына бастады. Базалық станциялар саны мен 5G саласында жұмыс істейтін мамандар саны бойынша елдегі жетекші орынды Шанхай иеленеді.



529 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз