Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 23 Қараша, 2020

Қайрат Ахметов сегізбұрышқа қайта оралады

Бұл туралы Сингапурдағы ONE FC промоушені ресми мәлімдеме жасады.

Бұрынғы ONE чемпионы Қайрат Ахметов 4 желтоқсанда өтетін ONE Big Bang турнирінде өнер көрсетеді. Жекпе-жек кеші Сингапурдегі танымал Indoor Stadium аренасында өтеді. Ахметовтің қарсыласы - филиппиндік Дэнни Кингад (14-2).

Ахметов октагонға соңғы рет былтыр наурыз айында шықты. ONE Гран-придің ширек финалында өнер көрсеткен болатын (56 келі). Файтер жартылай финалға жолдама алған, бірақ қолынан алған жарақатына байланысты жарысқа қатыса алмады. Спорттық бабына келу процессі ұзақ уақытқа созылған қазақстандық спортшы сегізбұрышқа қайта оралғалы отыр. 

Ал оның қарсыласы Кингад осы жылдың қаңтарында жекпе-жек өткізіп, жеңіске жеткен болатын. 

574 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз