Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Серіктестік тынысы
  • 23 Қараша, 2020

Журналистерге тренинг өтті

«Қазақ газеттері» серіктестігінің қызметкерлеріне «Мінбер» журналистерді қолдау орталығының жетекшісі Есенгүл Кәпқызы «Интернеттегі ашық дерек көздері және оларды мақалада қолданудың жолдары» тақырыбында тренинг өткізді.

Журналистердің кәсіби біліктілігін арттыруға бағытталған шараға «Қазақ газеттері» серіктестігі бас директорының орынбасары Жұлдыз Әбділда, «Ақиқат» журналының бас редакторы Дәуіржан Төлебаев, редактордың орынбасары Дина Имамбаева, «Ақжелкен» журналдарының бас редакторы Балжан Мұратқызықызы және журнал редакторының орынбасары Аслан Тлеген, «Ұлан» газетінің бас редакторы Жадыра Нармаханова, серіктестік сайтының қызметкерлері Берік Бейсенұлы, Айнұр Мұрат, Әлихан Жанарбек және Бексұлтан Нукарбан қатысты.

Тренинг барысында журналистер ашық деректер көзінен ақпараттарды іздеу, соның ішінде www.goszakup.gov.kzсайтының ашық деректерін қалай дұрыс пайдаланып, инфографика жасауға болатынын үйренді. Сондай-ақ, Есенгүл Кәпқызы мамандарға ақпаратқа сұрау салу әдістері мен сұрауға жауап алу мерзімдері, қандай ақпараттар ауызша және жазбаша алынатыны туралы, осы мәселелер бойынша кездесетін кедергілер мен қателіктерге кеңінен тоқталды.

566 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз