Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Мотивация
  • 24 Қараша, 2020

Сіз басқалардың əділетті болғанын қалайсыз ба?

Онда алдымен өзіңізге әділетті болыңыз. 

Бәріміз өзімізге қатысты әділеттіліктің сақталуын қалаймыз. Бірақ өзімізге өзіміз әділеттіміз бе, ол туралы ойланбаймыз.

Жан ұғымында өзіңе деген әділеттіліктің орны өте зор. Бұл баланс бұзылғанда жан дүниемізде ішкі кедергілер туындайды.

Өзіңе әділетті болу-өзіңе қарсы келмеу. Қабылдау, өз барыңды құнсыздандырмау. Өзіңнің де, өзгенің де қақысын аттамау. Әлсіздігіңді, кемшілігіңді мойындау. Өзгеге емес, ең алдымен, өзіңе! Сол кезде өз болмысыңа ораласың. Тек осы арқылы ішкі қайшылықтан арыласың, жан ләззәтін сезінесің.

Сырттан іздеген әділеттілікті ең алдымен өз жүрегіңде орната білу қажет. Адамдардан күткен адалдықты алдымен өзің орындағаның жөн. Себебі, адалдықты, әділеттілікті талап ету өзіңнің соған сай екендігіңнің кепілі емес.

Әділеттілік ар-ұжданмен байланысты. Арлы жан пендешіліктен жоғары тұрса,  жалтақтау мен жігерсіздіктен ада болса, әділеттілік соғұрлым мықты болады. Мұндай сәтте жаның тынышталып, үйлесімді күй кешесің. Өмір де шынайы, қарым-қатынастар адал, жағымды болады.

Ал біреуге әділетсіздік танытып, ардан аттағанда адам жаны сығылады. Кеудесі бос, жарамсыз, қорғансыз сезінеді. Ашу мен ыза-кек,  реніш қорғаныш реакциясы ретінде жүреді. Реніш арқылы "менің осылай жасауға қақым бар" деп жағымсыз,  теріс әрекеттерге де орын береді.

Осы сәтте өткеннің бәрін түп тамырымен жоқ қылуға тырысады. Бұл кезге дейінгі барлық жақсы, асыл дүниелерді құнсыздандырады. Ашу-реніштің отына өзгенің ғана емес, өзінің де құндылықтарын қоса өртеп жібергенін байқамайды.

Дәл қазір, күткен үміттеріңіз ақталмай, өміріңізге көңіліңіз толмай отырса, ойланып көріңізші...

Өз кемшілігіңізді өзгеге деген ренішпен жауып, өзіңізге ішкі қайшылық тудырып отырған жоқсыз ба? Болмаса, өзіңізде бар құндылықтарды, Жаратқанның сізге берген бар нығметтерін жоққа шығарып, бос күйреуге беріліп кеткен жоқсыз ба?

Расымен, өзіңізге әділеттісіз бе?

 
Анар Есен
психолог
 
@anar_yessen инстаграм парақшасынан
 

1158 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз