Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Шартарап
  • 24 Қараша, 2020

Қытай Айға ғарыш кемесін ұшырды

 

Қытай сейсенбі күні Оңтүстік Қытайдағы Хайнань аралдық провинциясындағы Вэнчань әуе айлағынан Айды зерттеу үшін «Чанъэ-5» зонды бар «Чанчжэн-5» зымыранын ұшырды. Зондтың міндеті – Айдың бетінен топырақ үлгісін жинап, Жерге жеткізу. «Чанъэ-5» Ай зонды Жерге 2 келі топырақ үлгісін әкеледі деп жоспарланып отыр. Есеп бойынша, ғарыш аппараты Айдың бетіне биыл желтоқсанның басында қонады. Жалпы зондтың ұшу уақыты 20 күннен асады. Салмағы 8,2 тонна «Чанъэ-5» зонды орбиталық, қонушы, қайтушы және ұшу модульдерінен тұрады. МҒБ Ғарыш инженериясы және Айды зерттеу орталығының өкілі Пэй Чжаоюйдің айтуынша, «бұл миссия ғарышкерлердің Айға ұшып, ғарышты терең меңгеріп, сынама алып, Марстан, астероидтан және басқа да аспан денелеріне ұшу үшін негізгі іргетас болмақ». «Чанъэ-5» зонды модульдерін ай маңындағы орбитада түйістіруге негізделген күрделі технологиялық тәсіл Айдағы пилоттық миссияларға технологиялық негіз болуға мүмкіндік береді», - деп атап өтті қытайлық сарапшы.

 

518 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз