Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 24 Қараша, 2020

Ғалымбек Кенжебаев: Жас спортшылар өте мықты

Шымкентте бокстан Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр. Ел үздігі атану үшін ересектермен қатар жастар да шаршы алаңға шығып, барын салуда. 

Бас бапкер Ғалымбек Кенжебаевтың айтуынша биылғы жас буынның бет алысы жаман емес. Десе де, Қазақстан ұлттық құрама сапына ену жастар үшін оңай болмайды.

– Бізде өте көп мықты жас спортшылар бар. Мәселен, жастар арасындағы екі дүркін Азия чемпионы Сағындық Тоғамбай, Жасөспірімдер Олимпиадасының чемпионы Айбек Оралбай, жастар арасындағы Азия чемпионы Сабырхан Махмұд және Жексен Бейбарыс. Бұлардың барлығы ересектер сапына енуге бар күшін салып, ардагерлермен бірдей жұдырықтасып, арттарынан еріп келе жатыр.

Барлық жас спортшылар өте мықты. Бірақ оларға ересектер сапына ену және ересектер сапында жұдырықтасу оңай болмайды. Ұлттық құрамаға қосылу үшін барын салып, өздерінің мықтылығын дәлелдеу керек. Өздеріңіз білесіздер, бізде атақты, ардагер боксшылар өте көп. Олар да командадағы орындарын оңай босатып бермейді. Былғары қолғап шеерлері арасында бәсекелестік өте жоғары. Жас спортшылар ардагер спортшылардан кем де емес. Барлық салмақта ересектер мен жастар арасында өте тартысты әрі қызықты жекпе-жектер болады деп ойлаймын. Жастар үшін ұлттық құрамаға қосылу үлкен дәреже, жетістік болмақ, - деп, сөзін түйіндеді бас бапкер Ғалымбек Кенжебаев. 

644 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз