Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 24 Қараша, 2020

ШҚО-да шектеу мерзімі ұзартылды

Шығыс Қазақстан облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері шектеу шараларын ұзарту туралы шешім қабылдады. Шара 8 желтоқсанға дейін өз күшінде болады.

ШҚО бойынша экономикалық және өзге де қызмет түрлері мен адам өмірі үшін ерекше жағдайлар бойынша шектеу шараларын 25 қарашаның 00.00-уақытынан 2020 жылғы 8 желтоқсаннның 00.00 уақытына дейін ұзартылсын. Шектеу шараларының режимі мен уақыты аймақтағы коронавирус инфекциясының таралуы жағдайының өзгеруіне сәйкес қайта қаралуы мүмкін, делінген қаулыда.

Осы ұзартылған уақыт аралығында Риддер қаласында, Глубоковский мен Алтай аудандарынан басқа елді-мекендердегі азық-түлік және азық-түлік емес базарларының ғимараттардың ішіндегі және сыртындағы саудасына дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 08.00-ден 18.00-ге дейін рұқсат етіледі.

Ал демалыс және мереке күндері олардың қызметіне тыйым салынады.

 

685 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз