Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Өзекті
  • 24 Қараша, 2020

Алматы әкімі ағаштардың заңсыз кесілуін өз бақылауына алды

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Төле би көшесінде 13 ағаштың заңсыз кесілуіне қатысты оқиғаны өз бақылауына алды.

Бұл туралы қала әкімі өзінің әлеуметтік желідегі жеке парақшасында жазды.

«Бұл өрескел оқиға Президент пен қоғамның наразылығын тудырды. Қала әкімдігі ағаш кесуге рұқсат берген жоқ. Қоршаған ортаға келтірілген залалдың мөлшері есептеледі. Мамандандырылған табиғатты қорғау прокуратурасы заңсыз ағаш кескені үшін ҚР ҚК 340-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу ісін бастады.

Іс Алмалы ауданына қарасты полиция басқармасының қарауына берілді. Алматы ПД бастығы Қ.Таймерденовке істі толығымен қарап, оның объективтілігін қамтамасыз ету, кінәлілерді анықтау және жауапкершілікке тарту тапсырылды.

Қазіргі уақытта сауда үйінің жанындағы аумақты «Arena S» ЖШС-ға қарасты (Sulpak) ЖК «Сакура» мен «Бурибекова» мердігерлерінің абаттандырғаны анықталды. «Сакура» ЖК-ның басшысы ҚР ӘҚБтК 437 бабы бойынша түнгі уақытта азаматтардың тыныштығын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Істің барысы туралы жұртшылықты хабардар етіп отырамыз. Бұл мәселе менің жеке бақылауымда», - деді Алматы әкімі.

305 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз