Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 24 Қараша, 2020

Таразда жеке тұрғын үйде газ жарылды.

 

Таразда жеке тұрғын үйде газ жарылып,  11 жастағы бала зардап шекті. Жеткіншектің денесінің біраз жерін күйік шалған. Қазір ауруханада жатыр. Дәрігерлердің айтуынша, жағдайы орташа. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәлімдеуінше, анасы мен баласы бірнеше күн үйде болмаған. Ал үйіне оралғанда жағымсыз иісті сезіп, газ шығып тұрған саңылауды іздей бастайды. Осы тұста бала бөлменің жарығын қосқан. Салдарынан жарылыс болып, үйдің күл-талқаны шықты. 

Ермек Момбаев, облыстық ТЖД бастығы:

 - Өрт оқиғасы болмаған. Ол жарылыс газдың жиналуынан болуы мүмкін. Газ шыққан соң ба, сонысын білмей отырмыз ғой. Бірақ газ қолданылмаған. Ішіне күнделікті қолданылатын пеш қосылмаған. Егесін біз көре алмадық. Көршілердің айтуы бойынша осыдан бір-екі күн бұрын газ кірген дейді. Оны енді тергеу анықтап біледі. Арғы жағы не болғанын. Сондықтан толық ештеңе айта алмай отырмыз.

                                                          24.kz

452 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз