Форум барысында министр «ШОБ онлайн» жаңа Телеграм-арнасын таныстырды. Мұнда электрондық сауданы іске қосу, басқару және арттыру, онлайн сабақтар мен серіктестердің ұсыныстары туралы ақпарат табуға болады. Сондай-ақ, электрондық сауда мәселелері мен проблемаларын кешенді шешу үшін Цифрлық Қазақстан қауымдастығымен бірлесіп e-commerce телеграмм-тобы құрылған, онда түрлі өзекті мәселелер талқыланады, министрлікпен диалог құрылады. «
export.gov.kz бірыңғай экспорттық порталында сіздің өніміңізге қандай елдерде сұраныс бар екендігі туралы экспорттық талдау жарияланған. Мемлекеттік қолдау шараларын бір платформада топтастыру үшін порталды Digital Export бірыңғай цифрлық терезесіне айналдыруды жоспарлап отырмыз",- деді Бақыт Сұлтанов.