Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 25 Қараша, 2020

Назарбаев: Өз күшіңізге сеніңіз!

Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасына тоқталып, сөз сөйледі, деп хабарлайды zakon.kz тілшісіне сілтеме жасаған Kazgazeta.kz.

 

- Бүгін Мемлекет басшысы жариялаған "Nur Otan" партиясының бағдарламасы қаржылық және адами ресурстармен қамтылған өршіл және әрбір қадамы әбден есептелген мақсаттарды көздейді. Ол - біз қолға алған реформа бағытының логикалық заңды жалғасы. Тәуелсіздік алған жылдардан бастап бері қарай мен алға нақты мақсаттар қойып, оларға қол жеткіз үшін аянбай еңбек етіп, жаңа қиындықтарды жеңе білу керек деп нығырлап айтып отырдым, қазір де солай деймін. Президент ұсынған бұл бағдарламаны қолдаймын. Біздің ортақ мақсатымыз -жұмылып, бірлесе жұмыс істеу. Өз күшіңізге сене білу керек, Отаныңызды сүюіңіз тиіс және елдің дамуы үшін барлық мүмкіндікті жасауыңыз қажет, - Нұрсұлтан Назарбаев.

 

Ол "Nur Otan" партиясының реформалау жүргізуде өз тәжірибесі және жоспарды жүзеге асыруда саяси ерік-жігерге ие екенін баса атап өтті.

- Партия бағдарламасын орындау керек. Оның орындалатынына сенімдімін. Бұл біздің еліміздің одан әрі жаңғыруын қамтамасыз етуге, барлық қазақстандықтардың өмір сүру сапасын жақсартуға мүмкіндік береді, - дейді Елбасы.

 

Науқанды ойдағыдай өткізу үшін ол республикалық және аймақтық штабтардың үйлестірілген жұмысын ұйымдастыруды тапсырды. Барлық үміткерлер, белсенділер мен сенім білдірілген адамдар аймақтарды аралап, сайлау бағдарламасы туралы кеңінен насихат жүргізуі ерек.

375 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз