Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 25 Қараша, 2020

Түркістанда "Тірі сабақтар" пилоттық жобасы қолға алынды

Түркістанда балалар мен жасөспірімдер туризмін дамыту мақсатында «Тірі сабақтар» жобасы жүзеге асырылуда, - деп хабарлайды Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Ауқымы кең жоба сәуір айында «Атамекен» ҰКП мен «Kazakh Tourism «ҰК» АҚ арасында туризмді дамыту жөніндегі жол картасы аясында келісілген. Негізгі мақсат - мектеп бағдарламаларын визуализациялау арқылы мектептен тыс жерлерде экскурсиялық сабақтар өткізу арқылы туризмге деген қызығушылығын арттыру.
Негізінен пилоттық жоба ағымдағы жылы Нұр-Сұлтан қаласы мен Жамбыл облысында жүзеге асырылды. Жобаны іске асырудың бірінші кезеңінде пилоттық жоба үшін экскурсия әдістемесі мен бағдарламасы әзірленген. Сондай-ақ, мектеп пәндері мен сабақ тақырыптары анықталған.
Ал, Түркістан облысында экскурсия өткізу үшін тарих пәнінен (6-сынып) «Түркістан-XII-XV ғасырлардағы Қазақстанның рухани және материалдық мәдениетінің орталығы» тақырыбы таңдалған. Экскурсиялық сабақ облыс орталығындағы тарихи-мәдени және архитектуралық ескерткіштер шоғырланған «Әзірет-Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі аумағында өткізілді.
Түркістан облысының туризм басқармасы ұйымдастырған шараға Кентау қаласы мен Отырар ауданынан келген 100-ге жуық оқушы қатысты. Жас ұрпақты патриоттыққа тәрбиелеуді көздейтін танымдық саяхат білімгерлердің туған елдің көрікті жерлері туралы мәліметтерге қанығып, білімдерін кеңейтуге мол мүмкіндік сыйлады.

431 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз