Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 26 Қараша, 2020

Тəртіп сақшылары кəсіпкерлерге негізсіз айып таққан

 

Үш меншік иесіне санитарлық талаптарды орындамады деп негізсіз әкімшілік хаттама толтырған. Бұл жөнінде бүгін Алматы қалалық кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырған онлайн жиында айтылды. 6 қараша күні Түріксіб ауданында құрылған мониторингтік топ киім сататын дүкендегі санитарлық нормалардың сақталуын, адамдардың бетперде тағуын тексерген. Сол кезде дүкенге келушінің бірінде бетперде болмаған. Бірақ айыппұл әлгі адамға емес дүкен иесіне салынған. Істің мән-жайын анықтау барысында хаттаманың негізсіз толтырылғаны анықталды.

 
 Салтанат Лесбаева, қалалық кәсіпкерлер палатасының бөлім басшысы: 
– Бізге құқыққорғаушылардың әрекетіне қатысты кәсіпкерлер жиі шағымданады. Мысалы, тамыз айында өз міндетін дұрысы атқармаған екі инспектор жауапкершілікке тартылды. Осындай жағдайларды болдырмау үшін қалалық полиция департаментінің қызметкерлеріне түсіндіру шараларын өткізуді сұрадық. Бірақ мониторингтік топтардың жұмысы қайта жанданғандықтан кәсіпкерлердің құқықтары да бұзылып жатқаны өкінішті. Сондықтан біз қалалық прокуратурадан мониторингтік топтардың жұмысына сараптама жасауды сұраймыз.


469 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз