Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 26 Қараша, 2020

Марадонаның соңғы сөзі

Жасыл алаңның даңқты жұлдызы Марадона өмірден өтерінің алдында не айтты?

Буэнос-Айрестің жанындағы Тигре қаласындағы үйінде  ол таңертеңгілік ас ішкен. Сағат 10.30-да оны жеке дәрігері қараған. Сәлден кейін ол «менің жағдайым болмай тұр» деп дәрігерге төсекке жатқысы келетінін айтқан. Бұл оның соңғы сөзі еді.  

Бұл сәтте оның жанында жақын туысқаны, психолог пен жеке дәрігері және медқызметкер болған. Шұғыл шақыртудан кейін жедел жәрдемнің алты  көлігі келіп жеткен. Дәрігерлер бригадасы үйге кіргенде, атақты футболшының дем алысы тіпті қиындап кеткен. Дәрігерлер қанша әрекеттенгенмен, оны аман алып қала алмады.

Аргентинада қаралы күн жарияланды. Атақты футболшының сүйегі  Президент сарайынан шығарылмақ.  Аргентинаның атақты, танымал, ел ішіндегі сыйлы адамдарын ақтық сапарға шығарып салу негізінде сирек те болса, осы жерде өтеді.

Ескерте кетейік, аргентиналық футбол жұлдызы Диего Армандо Марадона 60 жасында жүрек талмасынан қайтыс болды. Оған 3 қараша күні ота жасалғаны белгілі. 

 

 

445 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз