Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 26 Қараша, 2020

Жаңажылдық безендіруге бюджет қаржысы жұмсалмайды

 

Жаңа жыл алдында Каспий жағасындағы қала көшелерін безендіруге бюджеттен биыл ақша қарастырылған жоқ. Шаһар билігі мұның орнына әлеуметтік салалар бойынша қажеттіліктерді қаржыландыруды көздеп отыр. Жалпы осы мақсатқа қазынадан жыл сайын 30 млн-ға жуық теңге бөлініп келген еді. Былтыр 21 млн теңге қаралды. Бұл жолы бұған дейін сатып алынған шыршалар «Ынтымақ» пен «Астана» алаңдары және Ақтауға қарайтын жалғыз елді мекен Өмірзақ ауылына қойылады. Айта кетейік, биылғы мереке қарсаңында қоғамдық орындарды безендіруге жеке кәсіпкерлер ниет танытып жатыр. Меценат ұсынысы 4-ші шағын аудандағы саяжолға да қатысты болған. 

Алпысбай Таубаев, қалалық «Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы» ММ басшысының м.а.:
 
 – Бүгін эскиздік жобасын алып келді. Онымен біз келісіп, бекітіп бергеннен кейін жұмыстарын бастайтын болады. Аллеяға өз қаражаты есебінен жаңажылдық безендіру жасап беретін болды. Биыл да үш жерге шырша қойылып, безендірілетін болады. Пандемияда дәрі-дәрмек жетпеді. Маскалар жетіспеді. Сол сияқты осы жылы басқа да салаларға, халыққа тиімді салалар бойынша бөлінетін болады.


768 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз