Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Таным
  • 27 Қараша, 2020

«Ақ боз» үй көркем фильмі Жаңақорғанда түсіріледі

Көзіқарақты оқырманға "Ойсыл-Қара" , "Саттар соқпағы" ,"На свете белом", "Жарық дүние", "Ақ боз үй", "Мінәжат", "Жалған дүние" романдары,"Қиямет-қайым ғасыры" ойтолғауы арқылы жақсы таныс, белгілі қаламгер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Смағұл Абатұлы Елубаев аптаның аяғында Жаңақорған жеріне келді.  Бұл туралы журналист Қаныбек Әбдуов өзінің фейсбук парақшасында мәлім етті

«Жәй келмеді, қаламгердің бұл сапары үлкен мақсатты жүзеге асыруға бағытталыпты.

Жазушы, драматург аудан әкімі Руслан Рүстемовтың қабылдауында болып, шығармашылық тұрғыда өзара пікір алысты. Алдағы атқарылар жоспарларымен бөлісті. Оның ішінде ең ауқымдысы Жаңақорған жерінде «Ақ боз үй» романы желісімен көркем фильм түсіру екен. Фильмнің сюжетіне ауданның киелі жерлері, әсем табиғаты сәйкес келеді. Сондай-ақ ұлттық құндылықты сақтап қалған, қазақы ауданның тыныс-тіршілігі де фильмге өздігінен сұранып тұр.

– Мынадай ауқымды істің біздің аудан көлемінде атқарылғаны, көркем фильм ауыл өмірін, ондағы халықты арқау еткені әрине қуанышты оқиға. Ендігі жерде біз өз тарапымыздан кино түсірушілерге қолдау көрсетуге тиіспіз, – деді аудан басшысы.

Бұған дейін 12 көркем фильмге сценарий жазған Смағұл Абатұлының "Сұрапыл Сұржекей", "Аңшы бала" фильдері кинофестиваль жүлдесіне ие болғанын білеміз. Ал, «Ақ боз үйдің» мәнісі бөлек. Ол – кешегі ашаршылық уақыттағы ауыр кезеңді суреттейді. Бүгін автор мен картина директоры және режиссер Қызылқұм беттің шағыл құмын аралап, ыңғайлы орындарды белгілеп жатыр»ғ-дейді Қаныбек Әбдуов өз жазбасында.

 

1524 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз