Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 27 Қараша, 2020

Жылына 30 миллион маска шығаратын өндіріс іске қосылады

Кәсіпкер Махмут Мералиев коронавирустың бірінші толқынында өңірде бетперде қажеттілігі байқалғанын айтады. Сондықтан қолжетімді бағаға сатылатын маска жасап шығаруды қолға алған. Үкімет тарапынан қолдау тапқан игі бастаманың алғашқы өнімдері Тәуелсіздік күні қарсаңында сатылымға шығады.

Қазіргі уақытта - «Доктор Хаус» ЖШС компаниясында 20 жұмысшы қызмет етеді. Бірреттік маскалар тоқылмаған материалдан жасалады. Пайдалану уақыты 2 сағаттан аспайды. Үш­қабатты ересектерге арналған медициналық бетперделерді жылына 30 млн данамен шығаруды көздеп отырмыз, - деді зауыттың бас инженері Мұхтар Махметов.

Оның айтуынша, Атыраудан өндірілген бетперделер алдағы уақытта еліміздің барлық өңіріне сатылымға шығарылмақ. Сапаға қатты мән беретін компания балаларға арналған маскалар да шығаруды жоспарлап отыр.

849 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз