Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 27 Қараша, 2020

Құрманғазы оркестрі 87-ші концерттік маусымын ашты

2020 жылдың 27 қараша күні Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрінің 87-ші концерттік маусымы ашылды.

Құрманғазы оркестрі Академик Ахмет Жұбановтан, қазақтың тұңғыш кәсіби дирижері Шамғон Қажығалиевтен  бастау алған, тарихы алтын әріптермен жазылған, Қазақстанның аспаптық музыкалық өнер тарихында бірегей әрі  тұңғыш оркестр.

Елбасы – Тұңғыш  Президентіміз  Нұрсұлтан Назарбаев сөзімен айтсақ, бүгінгі Тәуелсіз мемлекетіміздің інжу-маржаны.

87-ші концерттік маусым аясында 1 желтоқсан ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай, Елбасымыздың еңбегін айшықтау мақсатында көрме ұйымдастырылды. 

Концерттік бағдарламада қазақ музыкасының ұлылығын, ұлы даламыздың кеңдігін паш ететін сазды әуендермен қатар әлемдік классикалық шығармалар орындалды.

Іс-шарада Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері – Батыржан Мықтыбаев, Халықаралық және Республикалық конкурстардың лауреаттары: Айдос Жабағин, Ажар Еркебулановалар өнер көрсетті. Оркестрдің бас дирижері, Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты – Абылай Тілепберген. 

Өнер ұжымының  келесі концерті 16 желтоқсан ҚР Тәуелсіздік күні мерекесіне орай 11 желтоқсанға жоспарланып отыр.

560 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз