Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 29 Қараша, 2020

Марадонаның өліміне не себеп болды?

 

Диего Марадонаның толық күн тәртібі анықталды. Бұл тергеуде нақты айғақтарға қол жеткізу үшін қажет. Аты аңызға айналған футболшының өлімі созылмалы жүрек жеткіліксіздігінің өршуінен туындаған жедел өкпе ісінуінен болған. Мұндай деректерді патологтарға сілтеме жасай отырып, Klarin баспасы келтіреді. Сонымен қатар марқұмнан жүректің қалыпты күйге қарағанда екі есе көп ұлғаюы, яғни кардиомиопатия анықталды. Аргентина прокуратурасы Марадона қайтыс болған күні оқиғалардың тәртібін алдын ала орнатқан. Бір күн бұрын жиені Джонатан Эспосито онымен сөйлесіп, жергілікті уақыт бойынша 23:00-де көкесінің бөлмесіне кіреді. Осыдан кейін Марадона ұйықтап қалады. Үйдегі кезекші дәрігер соңғы рет оны 06:30-да жұмысы аяқталар алдында тексеріп шығады. Маман ол уақытта спортшының тыныш ұйқыда жатқанын айтқан. Таңертең Марадонаның үйіне басқа дәрігер келді. 

7:30-да ол Диегоның орнынан тұрғанын естиді, бірақ бөлмеге кірмейді. 
Сағат 11: 55-те психиатр мен психолог келіп, бәрі футболшының бөлмесіне барады. Спаортшыны оята алмаған олар 12:00-де жиенін шақырып, реанимациялық әрекеттерін бастаған. Сонымен қатар медбике айтқандай Марадонаның дене температурасы осы сәтте қалыпты болған. Марадонаның өлімі шамамен 12:00-де болғанын анықталды. Естеріңізге сала кетейік, 1986 жылғы әлем чемпионы Диего Марадона 61 жасында қайтыс болды. Спортшыға қараша айының басында миға ота жасалды. 11 қарашада ауруханадан шыққан. Одан кейін араға ұзақ салмай дүниемен қош айтысты.


481 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз