Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 29 Қараша, 2020

Қарақат Башанова халықаралық додадағы əсерлі сəттерімен бөлісті

 

Қарақат Башанова бәйгеге түсіп жатыр. Варшавада «Junior Eurovision 2020» байқауының баспасөз конференциясында сөз алғандар арасында жерлесіміз Қарақат Башанова да өз пікірін ортаға салды, деп хабарлайды. Финалдық сынға қатысушы 12 әнші түрлі сұрақтарға жауап беріп, әркім өз өресінің деңгейін паш еткен болатын. Біздің Қарақат Башанова да Польшадағы орталық студияға бейнебайланыс арқылы қосылып, тұщымды сөзімен тыңдаушыларын тәнті етті. Қазақстандық өнерпаз ұйымдастырушыларға халықаралық додадағы әсерлі сәттерін баяндап, байқау кезінде өзіне көптеген дос тапқанын айтты. 

 
Дәл қазір «Junior Eurovision» ән байқауына қатысушыларға дауыс беру жүріп жатыр. Көрермендер мен барлық отандастарымызды Қарақат Башановаға қолдау білдіруге шақырамыз. Кез келген азамат байқаудың ресми сайтында өз таңдауын жасай алады. Башанова бәйге алсын деп тілейік, құрметті оұырмандар.  Әр адам 3 мемлекеттің әншісін таңдай алады. Ол үшін junioreurovision.tv немесе jesc.tv сайтына кіру керек. Отандастарымызды Қазақстанның намысын қорғайтын Қарақат Башановаға дауыс беруге шақырамыз


565 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз