Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 29 Қараша, 2020

Қариялар тең түсті

Лос-Анджелестегі (АҚШ) Staples Center аренасында аты аңызға айналған америкалық боксшылар Майк Тайсон (50-6, 44 KO) мен кіші Рой Джонс (66-9, 47 KO) арасындағы жекпе-жек мәресіне жетті.

Жекпе-жек әрқайсысы екі минуттан сегіз раундқа есептелген еді. Екі боксшы да аяғына дейін жұдырықтасты. Тайсон барлық раундта да басым болғанымен, төрешілер тең нәтиже тіркеді.

Жекпе-жекке дейін Тайсон мен Джонс VADA-дан «Таза бокс» бағдарламасы аясында допинг-тестілеуден өтті.

Майк Тайсон рингке соңғы рет 2005 жылы шығып, Кевин Макбрайдтан ұтылған еді. Рой Джонс соңғы рет кәсіпқой боксқа 2018 жылы шығып, Скотт Сигмонды жеңді.

Бүгінгі жеңімпазы жоқ кездесуде өнер көрсеткен Майк Тайсон 10 миллион, ал Рой Джонс 3 миллион доллар көлемінде гонорар алады.

595 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз