Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Шартарап
  • 30 Қараша, 2020

COVID-19: Камбоджада алғашқы жағдайлар анықталды

 

Камбоджада коронавирустық инфекцияның алғашқы 14 жағдайы анықталды. Бұл туралы елдің премьер-министрі Хун Сен мәлімдеді, деп хабарлады Синьхуа. Бұл ел аумағында анықталған алғашқы коровирус жағдайлары екендігін атап өтті. 

Бұған дейін Камбоджада тек өзге елдерден әкелінген коронавирус жағдайлары тіркелген. «Камбоджа аумағында коронавирус жұқтырған алғашқы жағдайлар елдің астанасы Пномпеньде және солтүстік-батыстағы Сиемреап провинциясында анықталды», - деді ол.

 Хун Сен вирусты жұқтырғандармен байланыста болғандардың барлығы үйде немесе карантиндік орталықтарда 14 күндік карантиннен өтуі керек екендігін атап өтті.


588 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз