Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 01 Желтоқсан, 2020

Түркістан әуежайы алғашқы тұрақты рейсті қабылдады

2020 жылғы 1 желтоқсанда, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесінде Түркістан қаласы әуежайының ұшу жолағына алғашқы ұшақ қонды.

Түркістан мен Нұр-Сұлтан қалалары арасында қатынайтын алғашқы тұрақты рейсті отандық лоукост - "Fly Arystan" тасымалдаушысы орындады.

Нұр-Сұлтан-Түркістан бірінші рейсіне 168 әуе билеті сатылды (жүктеме 93%), кері бағытта - 161 (жүктеме 92%).

Түркістан халықаралық әуежайы – іргетасынан бастап жаңадан салынған Қазақстанның алғашқы әуежайы.

Бірінші кезеңде қазақстандық "Fly Arystan", "Qazaq Air" және "SCAT" әуе компаниялары Түркістанды Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларымен, сосын еліміздің басқа облыс орталықтарымен күнделікті рейстермен байланыстырады.

Алғашқы халықаралық бағыттар Ыстамбұл мен Дубайға ашылады деп жоспарланып жатыр. Әуе қатынасы мен сала қалпына келген соң Мәскеу, Баку, Самарқанд және басқа қалаларға рейстер ашылады.

Шетел әуе компанияларын қолдап, ұшу географиясын кеңейту үшін Түркістан қаласының халықаралық әуежайы "ашық аспан" режимінде жұмыс істейді. Мақсат - шетелдік туристерді түркі әлемінің рухани орталығына көптеп тарту.

Әуежайдың жалпы ауданы 905,3 гектар, жолаушылар терминалының ауданы - 10,5 мың м2, ұшу-қону жолағының көлемі - 3 300х45 м, өткізу қабілеті - сағатына 450 жолаушы.

469 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз