Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Шартарап
  • 01 Желтоқсан, 2020

Түркия мен Ресей Таулы Қарабақ бойынша бірлескен орталық туралы хаттамаға қол қойды

Таулы Қарабақтағы атысты тоқтату режимі бойынша мониторингінің Бірлескен бақылау орталығы жұмысының техникалық аспектілері туралы келіссөздер нәтижесінде Ресей тарапымен тиісті хаттамаға қол қойылды.

Бұл туралы бүгін Түркияның Ұлттық қорғаныс министрлігінің Twitter парақшасында жазылды. Хаттамада Қарабақ бойынша Бірлескен Орталықтың негіздері мен принциптері жазылған. Түркия мен Ресейдің Бірлескен орталықтың жұмысы басталып кетуі үшін жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Бірлескен бақылау орталығын құру туралы келісімге 11 қарашада Түркия мен Ресейдің қорғаныс ведомстволарының басшылары Хулуси Акар мен Сергей Шойгу қол қойды. Әр елден Таулы Қарабақтағы атысты тоқтату режимін бақылау бойынша Бірлескен орталық қызметкерлерінің саны тең болады. Бұл туралы сейсенбіде Ресей қорғаныс министрлігінің ресми өкілі Игорь Конашенков мәлімдеді, деп жазады ТАСС. Оның айтуынша, аталған орталық Әзербайжан аймағында орналасады.

«Орталықта жұмыс істейтін Ресей және Түркия сарбаздарының саны тең болады», - дейді әскери ведомстваның ресми өкілі. Конашенковтың айтуынша, Ресейдің бітімгершілік контингентінің әскери қызметшілері Степанакерттегі Зорге көшесі және Шуша - Лисогорский бағытындағы газ құбыры мен электр жеткізу желісін жарылғыш заттардан тазартқанын айтты. «Бір тәулік ішінде 5 гектардан астам аумақ, екі шақырым жол тазартылып, 109 жарылғыш зат табылды және олар арнайы жабдықталған полигонға жеткізіліп, жойылды», - дейді ол.

Сондай-ақ, ол Таулы Қарабақтағы инженерлік бөлімдер 34 гектардан астам жер, 12 шақырымға жуық жолды тазарқанын, 110-нан астам үй мен әлеуметтік нысандар тексеріліп, 1077 жарылғыш зат табылып, залалсыздандырылғанын айтты. Сонымен қатар, Ресейдің бітімгершілік күштері Таулы Қарабақтағы маңызды инженерлік коммуникацияларды қалпына келтіруде жөндеу бригадаларына көмек көрсетуде, ал Ресейдің қорғаныс министрлігінің арнайы мақсаттағы медициналық бөлімшесінің әскери дәрігер-мамандарының тобы мамандандырылған медициналық көмек көрсетеді.

Ресейдің бітімгершілік күштері мен Халықаралық Қызыл Крест комитетінің үйлестіруімен құрбан болғандардың денелерін іздеу және алмасу жұмыстары жалғасуда.

 inform.kz 

703 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз